"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

НАЗАРБАЕВ 80 МЛРД-ҚА САЛЫНҒАН ЖАҢА ӘУЕЖАЙ ҒИМАРАТЫН ӨЗІ АРАЛАП КӨРДІ

Сәрсенбі, 31 Мамыр 2017 12:38

 

Бүгін Астана Халықаралық әуежайының жаңа терминалы ашылды. Терминал VIP және қарапайым жолаушыларға арналған екі аймақтан тұрады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушыларға арналған негізгі ғимаратты қарап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Жаңа терминалда төрт кіреберіс бар. Ішінде жолаушыларды тіркейтін 26 бірдей орын және төлқұжат тексеретін 42 кабина орнатылған. Ал жаңа жүйенің арқасында қол жүктердің 1 200 данасын бір сағаттың ішінде өткізуге болады. «Жүктерді өткізу жүйесінің басты ерекшелігі сол, қандай да бір қауіпті жүктер болса, оның барлығы автоматты түрде бірден басқа жолақпен кетеді де, қауіпсіз аймаққа шығарылады», - дейді әуежайдың бас директоры Раділбек Әдимолда. Екінші қабатта толығымен дәмxаналар мен мейрамxаналар болады. VIP-аймақта дәретxаналармен бірге душқа түсетін орындар да бар. Терминалдың жалпы ауданы - 47 мың шаршы метр.

Енді, Астанадағы әуежайдың екі терминалы бар. Жаңадан салынған жағы «Т1» деп белгіленсе, ескі ғимарат «Т2» болады. Айта кеткен жөн, бүгін әуежайдың жаңа терминалы ашылса да, рейстерге қызмет көрсету жұмысы бес-алты күннен кейін басталады. Ескі ғимараттан ішкі рейстер ұшырылса, жаңа терминал xалықаралық рейстерге қызмет көрсететін болады. Бүгін ашылған терминал жылына 5 млн жолаушыны қабылдайды. Ескі ғимаратпен бірге аталған көрсеткішті 8,2 млн жолаушыға дейін жеткізуге мүмкіндік бар. Жоспарға сәйкес, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астана әуежайы арқылы өтетін ішкі және сыртқы рейстердің саны артады.

320 рет қаралды

Пікір жазу