"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

Ж. ҚАСЫМБЕК 72 КӘСІПОРЫННЫҢ 50 ПАЙЫЗЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ІСКЕ ҚОСЫЛАРЫНА СЕНІМДІ

Дүйсенбі, 12 Маусым 2017 09:57

 

Индустрияландыру картасы аясында қосылған 72 кәсіпорынның тек 19-ы ғана тұрақты жұмыс істеуде. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесуін өткізген ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті. «Шынымен де 4 ақпан күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы бұл проблеманы атап көрсеткен болатын. Бүгінгі күнгі нақты санды айтар болсам, сол уақытта Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған 72 кәсіпорын тоқтап тұрған болатын», - деп атап өтті министр аталған мәселеге байланысты сұраққа жауап бере келе. Оның сөзіне қарағанда, бұл кәсіпорындардың тоқтап тұруына теңге бағамының құбылуы, әлемдік нарықтағы конъюктураның өзгеруі сынды жайттар себеп болған.

«Бүгінгі күні аталған 72 кәсіпорынның 19-ы  тұрақты жұмыс істеп тұр. Яғни жүктемесі 50 пайыздан асады. 6-7 кәсіпорынды іске қоса алмауымыз мүмкін екендігін де байқап отырмыз. Қалған кәсіпорындар 20-30 пайыздық жүктемемен тұр. Дегенмен келешегі бар және Президент бұл кәсіпорындардың кемінде 50 пайызын жылдың соңына дейін жандандыруды тапсырды. Біз бұл тапсырманы орындай аламыз», - деді Қасымбек.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта министрлік әкімдермен және кәсіпорындардың қожайындарымен үшжақты келісімге қол қойып, олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қолдау шараларын көрсетуде. «Осы жылдың соңына дейін бұл кәсіпорындардың 50 пайыздан астамы тұрақты жұмыс істей бастайды деп ойлаймын», - деді министр.

1630 рет қаралды

Пікір жазу