"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

БИЫЛ ӨҢДЕУ СЕКТОРЫНЫҢ ӨСІМІН 2,5 ПРОЦЕНТКЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕМІЗ- Ж. ҚАСЫМБЕК

Дүйсенбі, 12 Маусым 2017 10:03

 

2017 жылдың 4 айында өндірістік өнеркәсіп көлемі 7,1 процентке өсті. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізіп жатқан ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңісбек Қасымбек мәлім етті. «2017 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша өндірістік өнеркәсіп көлемі 7,1 проценнтке өсті. Оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі - 7,8, өңдеу өнеркәсібі - 6,8, түсті металлургияның өсімі есебінен - 7,9, қара металлургия 9,3 және фармацевтика 49,7 процентке артып отыр», - деді министр.

Оның айтуынша, 2016 жылы Индустрияландыру картасы аясында құны 878 млрд. теңге болатын 130 жоба іске қосылып, 10 мың тұрақты жұмыс орыны ашылды. Карта жобалары өткен жылы 2,2 трлн. теңгенің өнімін өндірді. Оның 1,4 трлн. теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

Бұл - жалпы сектордың 18 проценттен астамын құрайды. «Биыл жалпы сомасы 700 млрд. теңге болатын 100-ден астам жоба жүзеге асырылады. Бұл жобалар арқылы тағы да 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Жалпы, өнеркәсіп жаңа жағдайларға, теңгенің жаңа бағамына бейімделді. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша біз өңдеу секторының өсімін 2,5 процентке дейін қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз»,- деді Жеңіс Қасымбек.

454 рет қаралды

Пікір жазу