25Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЭКСПО-2017-ГЕ КЕЛУШІ ЖОЛАУШЫЛАРДЫҢ КӨЛІК МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛГЕН

Дүйсенбі, 19 Маусым 2017 09:37

 

ЭКСПО-2017-ге еліміздің өңірлерінен келіп жатқан адамдар үшін Астанаға қатынау мәселесі еш қиындық тудырмауы тиіс, өйткені жолаушылар үшін барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған дейді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек. Халықаралық көрмеге алдын ала белгілі болған жоспарға сай, шамамен 2 миллионға жуық адам келіп, қатысады деп күтілуде. Министр таратқан ақпарат бойынша, Қазақстанның барлық аймақтарын қоса есептегенде, ЭКСПО-2017-ге 1,8 млн адам келеді.

 

 

Естеріңізге салсақ, көрме басталардан бұрын Елордамызға келушілер саны артып, поездарға билет тапшылығы туындаған болатын. Алайда министрлік тарапынан аталмыш мәселе қолға алынып, дер кезінде жолаушылардың келіп-кету сапарларының көлік проблемасы шешілді. Жеңіс Қасымбек мырза бұл жайында: «Біздің жоспарымыз бойынша ЭКСПО-ға Қазақстаның аймақтарынан, өңірлерден келетін азаматтардың саны 1,8 млн. адамды құрайды. Оның жартысынан астамы пойызбен келеді. Сондықтан біз өңірлерден Астанаға келетін пойыздардың санын 2 есеге көбейттік», - деп атап өткен болатын. Министрдің дерегінше, осы қыста Астанаға қатынайтын пойыздардың саны 27-і болса, бүгінде ол 54 пойызға дейін жеткізілген көрінеді.

 

 

Соның ішінде Шымкентке баратын жаңадан қосылған 2 пойыз бар. 54 пойыздың жартысы жаңа вокзал арқылы, қалғандары ескі вокзал арқылы жүреді. Астанадан ары қатынайтын, мәселен Қызылордадан Көкшетауға, Қостанайға баратын пойыздар ескі вокзал арқылы жүреді. Жалпы ЭКСПО-ға келуге, іскерлік қарым-қатынастар орнатуға, Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсартуға оң ықпалын тигізу мақсатында іске асырылатын барлық шаралар ҚР Инвестициялар және даму министрлігі тарапынан үлкен қолдауға ие болуда.

268 рет қаралды

Пікір жазу