"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЭКСПО-2017 АЯСЫНДА ИНЖЕНЕРЛЕР МЕН ҒАЛЫМДАР БАС ҚОСТЫ

Дүйсенбі, 19 Маусым 2017 10:13

 

Бүгiн елордада EXPO-2017 көрмесiнiң iскерлiк бағдарламасы аясында «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды жүзеге асыру әдiстерi» атты WSEC-2017 Дүниежүзiлiк инженерлер мен ғалымдардың конгресi өз жұмысын бастады. Шараны Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының президентi, академик Нұртай Әбiқаев ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауымен ашты.

«Инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзiлiк конгресiне қатысушылар мен жиын қонақтарының Қазақстанның елордасы - Астанада бас қосқанына қуаныштымын. «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды жүзеге асыру әдiстерi» атты форумның тақырыбы осы күндерi Қазақстанда өтiп жатқан ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесiнiң идеясымен үндес. Бiздiң ел қазiргi заманғы экологиялық үрдiстердiң маңызын түсiне отырып, «жасыл экономика» қағидаларына сәйкес ауқымды технологиялық жаңғыруды бiртiндеп жүзеге асыруда. Бүгiнде қоршаған ортаны қорғау, энергия үнемдейтiн экономикаға көшу және табиғи ресурстарды үнемдi пайдалану болашақтың ақылға қонымды бiрден-бiр парадигмасы болып саналады», - делiнген Елбасы хатында. 

 

 

Мемлекет басшысы орнықты дамудың берiк институционалдық негiздерiн «жасыл технологиялар» саласындағы кең көлемдi халықаралық диалог пен ынтымақтастық арқылы ғана құруға болады дейдi. Осы бағыттағы ғылыми идеялар мен тәжiрибелер жөнiнде жан-жақты ой бөлiсу бүкiл жер шарында экологиялық тұрғыдан таза энергетиканың қалыптасуына септiгiн тигiзедi.

«Инженерлер мен ғалымдардың дүнежүзiлiк конгресiн Астанада өткiзу адамзат алдындағы энергетикалық проблемалардың тиiмдi шешiмдерiн iздеуге тың серпiн берiп, экономикалық өсiмнiң жаһандық моделiн жетiлдiруге елеулi үлес қосады деп сенемiн», - делiнген Назарбаевтың құттықтау хатында.
Атап өтсек, конгреске әлемнiң 51 елiнен 1 мыңнан астам қатысушы, оның iшiнде 300 шетелдiк ғалым мен инженерлер қатысуда.

102 рет қаралды

Пікір жазу