21Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ФИНЛЯНДИЯ ПАРЛАМЕНТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ЭКСПО ТУРАЛЫ ОЙЫН АЙТТЫ

Жұма, 23 Маусым 2017 12:27

 

Бүгін Мәжілісте Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин Финляндия Парламенті төрағасының бірінші орынбасары Маури Пеккариненмен кездесті. 

Фин парламентшісі Астанада «Инновациялар экономикасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету» тақырыбымен өтіп жатқан Халықаралық парламенттік конференцияға қатысуда. 

Тараптар Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екендігін оған мемлекет басшыларының достық қатынастары игі ықпал ететінін тілге тиек етті. Қазақстан-фин серіктестіктерінің келешекте де кеңейе беруіне жақында ғана елімізге келіп кеткен Финляндия Президенті Саули Ниинистенің іс сапарының нәтижесіне де байланысты.

Н. Нығматулин мен М.Пеккаринен парламентаралық өзара байланыстарды өркендету мәселесін де қозғады.

Фин парламентшісі Астанадағы ЭКСПО жайында – оның жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтіп жатқанына тоқталды. Әрі осы көрме арқылы Қазақстанның әлем алдындағы абыройы көтеріле түсетініне сенім білдірді. Сонымен қатар М.Пеккаринен «жасыл технологияны» дамыту – дүниежүзінің алдында тұрған өзекті мәселе екендігін де атап өтті.

 

 

Естеріңізге салсақ, Финляндия президенті С.Ниинистёнің өзі елімізге сапармен келді және Финляндия павильонын ашуға қатысты. 

– Біздің қарым-қатынасымыз – үлгі етуге тұрарлық. Біз бірнеше рет түрлі әлемдік басқосуларда жүздестік. Финляндия «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу орнын таңдап, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі мәртебесін алу кезінде бізге қолдау білдірді. Қазақстан да халықаралық аренада Финляндияны әрдайым қолдап келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті екіжақты байланыстарды дамытудың маңыздылығына тоқталып, өнеркәсіп, фармацевтика, ақпараттық технологиялар, білім және медицина сияқты салалардағы қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенімізді айтты.

С.Ниинистё Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесудің ұйымдастырылғаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның жаһандық және өңірлік өзекті мәселелерді шешудегі рөліне тоқталды.

16970 рет қаралды

Пікір жазу