21Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЕХРО-2017 КӨРМЕСІНЕ САМАРҚАНДТАН КЕЛУ ҮШІН ПОЙЫЗ АШЫЛҒАН

Жұма, 23 Маусым 2017 12:33

 

ЭКСПО- 2017 қарсаңында Астанадағы жаңа «Нұрлы жол» теміржол вокзалына алғашқы «Самарқан-Ташкент-Астана» жолаушылар пойызы келіп тоқтады.

Жаңа халықаралық бағдар екі ел Мемлекет басшыларының екіжақты ынтымақтастықтығы аясында жүзеге асырылды. Халықаралық пойызды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ бірлесіп ұйымдастырды. 

 

 

Жаңа № 451/452 «Самаркан-Астана» пойызы Ташкент, Сарыағаш, Шымкент, Тараз, Шу, Сарышаған, Қарағанды станциялары арқылы өтті. Қазақстандық станцияларда халықаралық пойызды құшақ жая қарсы алушылар қатары көп болды.

Жолаушыларды Астана да жылы қарсы алды. Келушілерді қарсы алу рәсімінен кейін бір топ Өзбекстан темір жолы әкімшілігінің өкілдеріне «Нұрлы жол» жаңа вокзалы кешенінің ғажайып сәулетімен бірге жолаушыларға сапалы қызмет көрсету орындары таныстырылды.

«Біздің ежелгі қаламыз Самарқанмен Астананы тікелей байланыстыратын пойыз шыққанына өте қуаныштымыз. Сіздердің құшақ жая қарсы алғандарыңызға алғысымыз шексіз. Маған жаңа вокзалдарыңыз өте ұнады. Қазақстанның Астанасында осындай үлкен әрі әсем вокзал бар екендігін туыстарыма айтатын боламын»,- дейді Майра Усманова.

Өзбекстанның теміржол ардагері Баходир Юсуповтың айтуынша, осындай халықаралық пойызды ұйымдастыру екі ел өміріндегі маңызды оқиғалардың қатарына жатады.

«Біз Самарқаннан Қазақстанға келе жатқанда көптеген табиғаты әсем өңірлерді басып өттік. Саяхаттан керемет әсер алдық. Мен бұған дейін осындай ғажайып вокзалды көрген емеспін. Мен бірнеше рет Астанада болдым. Елорданың дамуына таң қалумен келемін. Сіздерге қашанда табыс пен игіліктер тілеймін. Енді Сіздер де бізге жиі келетін боласыздар»,- дейді Б. Юсупов.

Самарқан мен Астана арасындағы теміржол қатынасы екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыта түседі. Туризмнің дамуына ықпал етеді. ЭКСПО қарсаңында бұл жолаушылар пойызы екі мемлекеттің іскерлік қарым-қатынасына оң ықпалын тигізбек.

Атап өтерлігі, 21 наурыздан бастап жүрдек халықаралық «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған № 1/2 «Алматы-Ташкент» бағдарымен шыққан пойызға сұраныс жоғары.

806 рет қаралды

Пікір жазу