25Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНЕ «АШЫҚ АСПАН» РЕЖІМІ ЕНГІЗІЛГЕН

Сейсенбі, 04 Шілде 2017 10:37

 

ЭКСПО-2017 аясында Астана қаласында  «Туризм және болашақ энергиясы: СО2 шығарындыларын азайту» тақырыбында дүниежүзілік конференция өтті. Іс-шара модераторы Дүниежүзілік туристік ұйымның (ЮНВТО) бас хатшысы Талеб Рифаи болды.

Жалпы отырыстың ресми бөлігін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин ашты.  «Туризмдегі тұрақты көлік және ұтқырлық» тақырыбындағы бірінші сессияның спикері болған Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев көлік секторындағы трансформация туралы баяндады.

 

 

Азаматтық авиация комитетінің басшысы Қазақстанда ұшу географиясын кеңейту, жаңа бағыттар ашу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы, оның ішінде  ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде  «ашық аспан» режімі енгізілгенін атап өтті. Барлық шетелдік тасымалдаушылар үшін Астанаға (аптасына 7 рейс) ұшу құқығы ұсынылды, сондай-ақ Алматы және Астана әуежайлары арқылы транзитпен ұшатын ҚХР азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режім енгізілді, бұл мемлекет арқылы өтетін транзиттің тартымдылығын арттыру үшін жеңілдетілген визалық режімді  одан әрі пайдалану және транзиттік жолаушылар санын ұлғайту бойынша талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Жалпы сессия мүшелері жасыл технологиялар арқасында авиация анағұрлым экологиялық және қолайлы болады деген пікір білдірді. Болашақта экологиялық технологиялар авиацияны жақсартуға мүмкіндік береді және оны қоршаған орта үшін қауіпсіз етеді.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі көрмеге келген барша қонақтарға жайлы әрі қауіпсіз жағдаймен қамтамасыз етумен қатар, инвестициялық климаттың да тартымды болуына бағытталған шараларды қарастырды. Халықаралық рейстердіңі тұрақты әрі қауіпсіз ұшуына үлкен көңіл бөлініп отыр.

9417 рет қаралды

Пікір жазу