17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«НҰРЛЫ ЖОЛ» АЯСЫНДА АСТАНА-ПАВЛОДАР АВТОЖОЛЫ ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛУДА

Сейсенбі, 29 Тамыз 2017 17:57

 

Ақмола облысындағы «Астана-Павлодар» учаскесінде пресс-тур болып өтті. Іс-шараны  ұйымдастырушылар ҚР Инвестициялар және даму министрілігінің қолдауымен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ.

Іс-шара барысында республикалық телеканалдардың, газет және информагенттіктердің журналисттері «Астана-Павлодар» автобанының Астанадан Ерейментауға дейінгі бөлігіне барды және «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясындағы автожолдың құрылыс технологияларымен танысты.

Еске түсіре кетейік, Мемлекет басшысы айтқан «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы астананы сәулелік айырылу принципімен басқа өңірлермен қосады. Бағдарлама жолдардың белсенді құрылысын және жаңа жұмыс орындарын болжалдайды. Транспорттық инфрақұрылымды жаңарту аясында  2020 жылғы дейін барлығы 7 мың шақырым автомобиль жолын қайта жаңарту және салу жоспарлануда.

 

 

Бағдарламаның басты жобаларының бірі Астана-Павлодар-Қалбатау-Өскемен бағытымен өтетін «Орталық-Шығыс» дәлізі болып табылады.
Іссапар барысында «ҚазАвтоЖол» Басқарма төрғасы Ермек Қизатов және мердігерлік ұйымдардың басшылары журналисттерге Астана-Павлодар-Қалбатау-Өскемен автожолын қайта жаңарту барысын, жаңа жұмыс орындарын, аяқталу мерзімін, жылдың соңына дейінгі жоспарын айтты.

«Орталық-Шығыс» дәлізінің жалпы ұзындығы 1016 шақырымды құрайды. Жоба жұмыстары 2011жылы басталған. Қайта жаңартудан кейін автомобиль жолы жол қозғалысы қауіпсіздігінің барлық талаптарына жауап беретін болады және жолдың жүретін бөлігін кеңейтудің есебінен І және ІІ категориялардың қағидаларына сәйкес келеді.

Орталық-Шығыс дәлізін толық қайта жаңарту 2019 жылға жоспарлануда.

2017 жылға дейін 230 шақырым автомобиль жолы пайдалануға берілген, оның ішінде Астана-Павлодар бойынша 59 шақырым, Павлодар-Семей-Қалбатау  – 171 шақырым.

Ағымдағы жылы 786 шақырымда жұмыстар жүруде, осылайша құрылыс жұмыстары дәлізді толық қамтыған.

Жыл қорытындысы бойынша 240 шақырым автомобиль жолын пайдалануға беру жоспарланған, бұл үшін 105 млрд теңге қаражат бөлінген.

Астана-Павлодар учаскесі бойынша құрылыс жұмыстары 2014 жылы басталған және жолды 4 жолақты қозғалыспен ( оның ішінде,  265 шақырым цементбетонды және 176 шақырым асфальтбетонды төсеммен) І техникалқ категорияға өткізу көзделген.

Астана-Павлодар бөлігі 15 қайта жаңарту  учаскелеріне бөлінген, оның ішінде бүгінгі күні 3 учаске немесе 59 шақырым пайдалануға берілген.

2017 жылы жұмыстар қалған 12 учаскеде жүруде.

Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» басшылары жолды қайта жаңарту құрылысында пайдаланылған материалдардың 90 % -дан көбі  отандық өндірушілердікі екендігін атап өтті.

Пресс-турдың негізі мақсаты «Нұрлы жол» Мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламысы қарастырған жобаның бірімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамды таныстыру.

«Орталық-Шығыс» дәлізін қайта жаңарту жобасын жүзеге асыру барысында 2000-нан аса техника және 3500-ден көп адам жұмылдырылғандығын ескерту қажет.

Сонымен қатар, тікелей автожол құрылысында ғана емес, сонымен қатар іргелес салаларда да (асфальт, бетон, қиыршық тас және басқа да құрылыс материалдарын өндіруде, одан бөлек құрылысшыларды тамақпен қамтамасыз етуде) жұмыс орындары жасақталуда.

Астана-Павлодар учаскесіндегі Торғай және Шідерті елді мекендерінде  2 жол бойындағы қызмет көрсету объектілерінің құрылысы жүруде.

«Сөз соңында, көзделген барлық өндіріс жоспарлары дер кезінде атқарылатындығын, ал Астана, Павлодар және Өскемен учаскелері арасындағы жаңа жолдардың сапасы барлық стандарттарға сәйкес  келетіндігін және жаңа жол бір онжылдық қана қызмет етпейтіндігін атап айтқым келеді», - деп қорытындылады Ермек Қизатов.

203 рет қаралды

Пікір жазу