27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК: АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРАМЫЗ

Сәрсенбі, 30 Тамыз 2017 07:39

 

Қазақстан алдағы уақытта құрылыс материалдарын экспортқа шығаратын елге айналады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Шығарылған өнімдер экспортқа бағытталған болуы шарт. Бұл бүгінгі  күннің ең өзекті мәселесі. Бірақ, жасыратыны жоқ, Қазақстан әртүрлі құрылыс материалдарын шетелден импорттап отыр. Ал өз кезегінде Қазақстан құрылыс материалдарын шетелге экспорттап жатыр ма?» - деп сұрады министрден Атырау тұрғыны есептік кездесу барысында.

 

 

Сауалға жауап берген министр еліміздің құрылыс секторының өсуі байқалып отырғанын, осы жылдың алғашқы тоқсанында бұл саладағы өсім 6,7 процент болғанын атап өтті. «Құрылыс материалдарын жасау секторында, өңдеуде өсім 7 процентті құрады. Қазақстанда көпқабатты үй салынғанда 70-80 пайызы өзіміздің материал  қолданылады. Ал жекеменшік үй салғанда бұл көрсеткіш 90 пайыздан  асады. Енді ол шетелге шыға ма, жоқ па? Шығады. Бүгінгі күні гипсокартон, бояулар, битум сынды тауарлар шығарылады. Жыл сайын экспортқа шығарылатын тауар көлемі артып келеді. Болашақта Орталық Азияда осы саланы  дамтыып, шетелге құрылыс материалдарын шығаратын  мемлекеттердің біріне айналамыз деп жоспарлаудамыз», -  деді Жеңіс Қасымбек.

2554 рет қаралды

Пікір жазу