17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЭКСПО АЯСЫНДА АСТАНАДА АШЫҚ АСПАН ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ – МИНИСТР Ж. ҚАСЫМБЕК

Сәрсенбі, 30 Тамыз 2017 07:52

 

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бүгінде отандық мұнай өңдеу зауыттары азаматтық авиацияны керосинмен тек 30 пайызға ғана қамтамасыз етіп отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Әуе керосинінің қалған бөлігі Ресей аумағынан қымбат бағаға жеткізіледі. Себебі тасымалдау шығындары бар. Келесі жылы Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары аяқталады. Энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес, сол кезде керосиннің барлығы, ол шамамен 800 мың тоннасы өз жерімізде өндіріледі», - деді Қасымбек.  Министрдің айтуынша, бүгінде азаматтық авиация саласындағы жолаушылар мен жүктер тасымалы артып келеді. 

 

 

Соңғы жеті жылдың ішінде әуе қатынасымен Қазақстан арқылы өтетін жолаушылардың саны 20 есеге өсті. 2010 жылы аталған көрсеткіш 20 мың болса, өткен жылы 478 мың адамға жетті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР ИДМ министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Қазақстан арқылы қытайлықтар Еуропаға, Ресей мен Түркияға жиі барып жүреді. Бұдан бөлек, Еуропадан Үндістанға, Украинадан Өзбекстанға, Қырғызстаннан Оңтүстік Кореяға барып жүргендердің саны артып келеді.

«Жылдың аяғына дейін Қазақстан арқылы өтетін әуе қатынасымен өтетін транзиттік жолаушылардың жалпы саны 600 мыңға жетеді деген болжам бар. Ал 2020 жылға дейін 1,6 млн-ға жетеді. «Эйр Астананың» мәліметі бойынша бір транзиттік жолаушы Қазақстанда 250 доллардай қалдырып кетеді. Оның ішінде қонақ үй, тамақтану және тағы басқа шығындары бар», - деді Жеңіс Қасымбек. Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде ЭКСПО аясында Қытай Халық Республикасының азаматтары үшін 72 сағатқа дейін визасыз режим пилоттық жоба ретінде қолға алынды. Сондай-ақ, көрме кезінде Еуропалық одақ, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы және басқа да мемлекеттер үшін енгізілген визасыз режимнің арқасында туристердің саны артып отыр. «ЭКСПО аясында Астанада ашық аспан жүйесі енгізілді. Ол да - пилоттық жоба. Шетелдік компаниялар үшін барлық шектеулерді алып тастады. Жыл басынан бері Астанадан тоғыз жаңа xалықаралық рейс ашылды. Осы орайда біз қазіргі тәжірибені жалғастырып, келесі жылы да Астана үшін «ашық аспан» принципін сақтауды ұсынамыз», - деп атап көрсетті Жеңіс Қасымбек.

321 рет қаралды

Пікір жазу