17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АСТАНА – ПАВЛОДАР ЖОЛЫ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Сәрсенбі, 30 Тамыз 2017 07:55

 

Астана-Павлодар жолы биыл пайдалануға беріледі. Бұл туралы  жуықта «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының 2017 жылдың I жартыжылдығында іске асырылуының негізгі қорытындысын талқылау барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Орталық-Шығыс жобасы жүзеге асырыла бастаған сәттен 230 шақырым жол пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы жобаны жүзеге асыруға 106 млрд теңге бөлінді. 675 шақырым жолда жұмыстар жүргізілуде. Жыл қорытындысы бойынша Астана-Павлодар учаскесінің 230 шақырымында 4 жолақты қозғалысты қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Семей-Қалбатау бөлігіндегі ұзындығы 36 шақырымдық соңғы учаске толықтай аяқталмақ.

2018 жылы жобаны бітіреміз», - деді министр. Оның айтуынша, Орталық-Батыс жобасы бойынша Астана-Қостанай автожолы және Ақтөбе-Қарабұтақ-Денисовка учаскесін қайта жағырту жұмыстары толық аяқталды. 2020 жылға дейін 114 шақырымдық Денисовка-Қостанай учаскесін аяқтау жоспарланған. «Ағымдағы жылы Ақтөбе-Атырау-Астрахань автожолын қайта жаңғыртуды бастап, Бейнеу-Ақтау автожолын аяқтайтын боламыз», - деді Жеңіс Қасымбек.

322 рет қаралды

Пікір жазу