27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЭКСПО КЕЗІНДЕГІ АСТАНАНЫҢ КӨЛІК ЖҮЙЕСІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Сәрсенбі, 30 Тамыз 2017 08:01

 

Астана билігі қалалық көлік жүйесінің жұмысына қатысты жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді. Бүгінде «Астана LRT» компаниясында қаржылық және техникалық аудит жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша іске асырылып жатқан барлық жобаларға баға берілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің медиа орталығына сілтеме жасап. Құрамына қала әкімі Әсет Исекешев, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қазақстан темір жолы компаниясының президенті Қанат Алпысбаев енетін көлік және тұрақ орындары бойынша жұмыс тобы «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалында болды. Жұмыс тобының мүшелері бүгінгі күні әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқан түйіткілді мәселелерді көтерді. Нысандарды аралап көру барысында Астана әкімі Әсет Исекешев теміржол вокзалдары мен әуежай маңындағы тұрақ орындарына қатысты түсінік берді. «Тұрақтар айналасында қалыптасқан ахуалға қатысты айтар болсам, бір ай бұрын компанияның топ-менеджерлері толығымен ауыстырылды және осы күні «Астана LRT»-да қаржылық және техникалық аудиттер жүргізілуде. Олардың нәтижесі бойынша барлық жобаларға баға берілетін болады. Сондай-ақ халықаралық әуежайдағы, жаңа және ескі теміржол вокзалдарындағы тұрақ кеңістіктерінің тарифы бойынша ұсыныстар жасалады», - деді Исекешев. Бұл ретте, шаһар басшысы қалалық жолаушылар көлігі басқармасы мен «Астана LRT» компаниясының осы мәселеге қатысты «ақпараттық сәтсіздігін» мойындады. Ол қысқамерзімді тұрақтың альтернативасы - бейнебақылау мен күзеті бар тәулігіне 2 мың теңгелік жабық паркингтің және тегін паркингтің барын еске салды. Исекешевтің айтуынша, ЭКСПО өтетін уақытта елорда әуежайында енгізілген қатаң тарифтік сетка табыс табу мақсатын көздемейді. Бұл, тұрақтарға заңсыз тасымалдаушылардың кіруін шектеуге және халықаралық көрме өткізілетін уақытта әуежай мен вокзалдар маңында бей-берекетсіздікті тудырмау үшін жасалып отыр.

232 рет қаралды

Пікір жазу