19Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

Ж. ҚАСЫМБЕК: ӨҢІРЛЕРДЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖҰМЫСЫ ТӨМЕН

Сейсенбі, 05 Қыркүйек 2017 06:36

 

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында және Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасында Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің энергия сыйымдылығын 2020 жылға қарай кемінде 25%-ға төмендету және 2050 жылға қарай кемінде екі есе төмендету бойынша міндет қойылды.2015 жылдың қорытындысы бойынша, еліміздегі ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығы 2008 жылдың деңгейінен 28,2%-ға төмендеді»,- деп мәлім етті ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек энергия үнемдеу мен энергия тиімділік мәселелеріне арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысындағы баяндамасында.

Қазіргі уақытта Мемлекеттік энергетикалық реестрге 5 мыңнан астам ұйым енгізілген. Анықтама: оның ішінде 2737 мемлекеттік мекеме, ол МЭТ жалпытұтынуының жалпы 2% құрайды;Квазимемлекеттік сектордың 1617 субъектілері - 37% және тұтынудың 61% үлесімен 779 бизнес кәсіпорындары.
2015 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде осы МЭТ субъектілері энергияны үнемдеуге 178 млрд. теңгеден астам инвестиция салды. 2020 жылдың соңына дейін шамамен 200 млрд. теңге инвестиция салу жоспарлануда.


«Министрлік жыл сайын өңірлерге, олардың энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметіне бағалау жүргізеді. Өкінішке орай, өңірлерде энергия үнемдеу жұмысы төмен деңгейде жүргізілуде. 2016 жылдың қорытындысы бойынша тек 8 өңір орташа, қалған өңірлер «төмен» нәтиже көрсетті»,-деді министр.


Министрлік жергілікті атқарушы органдардың Энергия үнемдеу саясатын іске асырудағы жауапкершілігін арттыру мақсатында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесіне энергия үнемдеу саясатын іске асыру тиімділігі бойынша өлшем шарттар енгізуді ұсынады.

Сондай-ақ, министрлік бизнес субъектілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсеткенде тиісті критерилерінің бірі ретінде энергия аудиті мен энергияны үнемдеу жөніндегі шараларды айқындауды ұсынады.

«Егер, кәсіпорын электр энергиясының құны үшін уақытша төмендету коэффициентін ұсыну туралы өтінішпен жүгінсе, онда олар энергия тұтынуды төмендету жөнінде қандай  шаралар қабылданғанынкөрсетулері тиіс. Егер бұл қолдау тапса, онда біз мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәртібіне тиісті өзгерістер әзірлейміз»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Ведомство басшысы айтқандай, энергия үнемдеуге ынталандырудың жалғыз шарасы ҚР ИДМ-нің, әкімдік пен МЭТ субъектілері арасындағы ерікті келісім ғана.

 

Анықтама:

Бүгінгі күні Министрлік пен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және «Шымкентцемент» АҚ арасында энергия үнемдеу  саласындағы үш жақты келісім жасалды. Энергия үнемдеу әлеуеті 15 %-дан асатын, тағы бес кәсіпорын бар. Алдын ала болжам бойынша, тек осы кәсіпорындардың міндеттемелерді қабылдауы және үш жақты келісім жасасуы 2020 жылға қарай еліміздің жалпы ішкі өнімінің энергия сыйымдылығын 2%-ға дейін төмендетуді қамтамасыз ете алады.

265 рет қаралды

Пікір жазу