19Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢ ӨЗ ҚОЛЫҢДА»

Сенбі, 09 Қыркүйек 2017 09:02

 

Бүгін Алматы қаласындағы №1 емханада «Өз денсаулығың өз қолыңда» атты ашық есік іс-шарасы өткізілді. Оңтүстік Астана тұрғындарына тегін ұйымдастырылған медициналық акция – ең алдымен халыққа сапалы қызмет көрсетуді мақсат еткен.

 

 

 

 

Аталмыш емхана Бас дәрігерінің  емдеу ісі бойынша орынбасары Мағираш Жұмақожаеваның айтуынша,  бұл шара  аясында  жергілікті халықтың денсаулығын нығайту жолында белсенділігін ұлғайту, дұрыс тамақтану, денсаулыққа әсер ететін зиян әдеттерден арылуға және уақытылы  алдын-ала тексеруден өтіп тұруға қатысты кеңестер берілген. «Біздің Алматы қалалық №1  емханамыздың  денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, халықты жаппай сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету және денсаулық үшін ортақ жауапкершілік қағидаларын сақтай отырып, көптеген іс-шаралар жүргізілуде.

 

 

 

 

     

 

 

                                                                                                                                    

 

Міне, соның бірі бүгінгі акцияға   С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ доценттері, ғылым  кандидаттары  және де емханамыздың жоғары білікті мамандары қала тұрғындарына кеңес берді. Атап айтсақ,  кардиолог, невропатолог, окулист, УЗИ, уролог, стоматолог, инфекционист, терапевт  дәрігерлері жалпы саны 250 науқасқа өз денсаулығын сақтау жөнінде құнды ақпарат берді, ары қарай денсаулықтарын күтуге, емделуге қатысты бағыт-бағдар жасады». 

 

 

Бір күндік акцияның өзінде  халықтың басым бөлігінде созылмалы аурулар анықталған. 15 науқастан  қант мөлшерінің жоғарлағаны белгілі болып, олар эндокринолог дәрігерге кеңеске жіберілген және емханада қант диабеті мектебінің белсенді түрде жұмыс істейтіні ескертілді. 

Мемлекет тарапынан азаматтар денсаулығы үшін жасалып отырған мүмкіндіктерді былайғы жұрттың біле бермейтіні де осы акцияда анықталуда. Сонымен қатар, қандағы холестерин деңгейінің жоғарлағанын білмейтін, дұрыс тамақтану  мәзірін қандай екенінен бейхабар науқастар да келген, әрине, оларға қажетті кеңестер ұсынылды. 

Бұдан бөлек, УЗИ кабинетте 40 науқас қаралып, барлығынан созылмалы ақаулар табылған. Айта кетерлігі,  науқастар тарапынан сенбі күні осындай іс-шаралар жиі  ұйымдастырылып тұруы ұсынылған. 

 

 

Пациент:  Бізге осы 1 қалалық емхананың сенбі күні қабылдау  ұйымдастырғаны қолайлы , өйткені біз былайғы  күндері жұмыстамыз.  3 жасар қызымды бірнеше мәрте  профилактикалық тексеруге шақырған жұмыстан қолым тимей жүрген. Осындай шараны демалыс күндері жиі өткізіп тұруды сұраймыз. 

Емхана ұжымына үлкен алғысымды білдіремін.

 

 

Алматы қалалық №1 емхананың Бас дәрігері Сапар Құттыбайұлы:  «Емханамызда ұйымдастырылған бүгінгі акция  қала тұрғындарына көп көмек болды деп ойлаймын. Тіпті емхана есігін ашып көрмеген, өзінің науқас екенін білмейтін пациенттер де келді. Меніңше, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуді басты мақсаттарының бірі етіп қойған мемлекет саясаты – осындай шаралардан бастау алып, оның тұрақты нәтиже беруіне жағдай жасау. Ендеше алдағы уақытта осы сияқты дәрігерлік көмек шаралары жан-жақты дамытылады деп ойлаймын. Жуықта қала мектептеріндегі оқушыларды профтексеруден өткізу шаралары басталатынын айта кеткім келеді».

 

«ЖЕБЕ-АҚПАРАТ»

370 рет қаралды

Пікір жазу