27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖОЛАУШЫЛАР ВАГОНЫН ШЫҒАРАТЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНДІРУШІ ТМД НАРЫҒЫНА ЖОЛ ТАРТАДЫ

Сәрсенбі, 13 Қыркүйек 2017 10:56

 

Жолаушылар вагонын шығаратын «Тұлпар-Тальго» ЖШС «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның қолдауымен алғаш рет РФ Щербинка қаласында 30 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өткен мамандандырылған «VI Халықаралық теміржол техникалар салоны және ЭКСПО 1520 технологиялары» көрмесіне қатысты. 

 

 

«ЭКСПО 1520» - Еуропадағы ірі теміржол көрмелерінің бірі және теміржол техникаларының үлгісін көрсету саны бойынша Гиннес рекордының иегері.

«ЭКСПО 1520» көрмесінде «Тұлпар-Тальго» ТМД елдерінің әлеуетті сатып алушыларымен келіссөздер жүргізу мүмкіндігіне ие болды. «Тұлпар-Тальго» вагондары кез-келген климаттық жағдайға бейімделген, сонымен қатар, түрлі стандарттағы теміржол колеясына арналған доңғалақты блоктармен жабдықталған.

 

«Тұлпар-Тальго» жолаушылар құрамы басқа өндірушілердің вагонымен салыстырғанда технологиялық ерекшеліктер мен артықшылықтарға ие. Өйткені, маятникті пневматикалық аспа, жеңіл шанақ, автоматты бағыттау жүйесі бар тәуелсіз доңғалақ пен вагондарды жалғаудың буындастырылған түрі бар.

 

 

«Тұлпар-Тальго» ЖШС-нің атқарушы директоры Нұрлан Есімқұловтың айтуынша: «Көрме келушілер мен журналистердің зауыт өнімімен танысуларына мүмкіндік берді. Көптеген өндірушілер вагондарды құрайтын өнімдерді жеткізу мәселесінде біздің зауытпен ынтымақтасуға мүдделі болды. Мұндай көрмеге қатысу зауыт өнімін танымал етеді және экспорттық әлеуетті арттырады. «Тұлпар-Тальго» «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясына  экспортқа шығуға қолдау білдіргені үшін және біздің вагондарды ресейлік нарыққа сертификаттау бойынша шығындарды қайтару түрінде қаржылай қолдау көрсеткені үшін алғыс айтады».

««KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ  Щербинка қаласындағы «ЭКСПО 1520» халықаралық теміржол салонымен көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2011 жылы аталмыш көрмеде «Локомотив құрастырузауыты» АҚ-ның, ал, 2015 жылы «Электровоз құрастырузауыты» ЖШС-нің қатыстырылуы ұйымдастырылған болатын. Бұл зауыттардың қатысуының қорытындысы бойынша ТМД елдеріне отандық теміржол техникаларын жеткізу келісім шарты бекітілді. «Тұлпар-Тальгоның» қатысуынан кейін экспорттық келісім шарттар жасалатынына сенімдімін»,-деп атап өтті «KAZAKH INVEST» компаниясының басқарушы директоры Асқар Арынов.

«ЭКСПО 1520» көрмесінің үлкен масштабта өтіп жатқанын ескерсек, қазақстандық компания «Тұлпар-Тальго» ЖШС-не өнімді өткізуде әлеуетті импортшылармен бизнес-процестерді жолға қоюдың бірегей мүмкіндігі туып отыр.

Жүргізілген талдауға сәйкес, қазақстандық жолаушылар вагонын сатып алатын басым елдердің қатарына ТМД елдері және Иран мен БАӘ жатады.

3883 рет қаралды

Пікір жазу