19Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ЭКСПО-2017»-ГЕ 4 МЛН-ҒА ЖУЫҚ АДАМ КЕЛГЕН

Сәрсенбі, 13 Қыркүйек 2017 17:39

 

«Астана «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне 3,9 млн адам келген. Көрмені ұйымдастырушылардың таратқан мәліметінше, келушілердің жалпы саны 3 977 545 құраған, ал бастапқы болжам бойынша 2 млн келуші күтілген. Айта кетерлігі, 10 қыркүйекте аяқталған көрмеге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты. Сондай-ақ, көрменің басты нысаны - «Нұр Әлем» сферасы болашақ мұражайы ретінде қызметін жалғастырады. 

 

 

Ал, 11 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы халықаралық павильондардың демонтажы жүргізіледі.  «Қатысушы мемлекеттер Көрме ұйымдастырушыларына павильондарды бастапқы түрде тапсыру мақсатында экспонаттарды шығарып, ішкі құрылыс құрылымдар демонтажын, сондай-ақ тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет. Аталған процесс 15 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс. Сәулет департаменті мен Халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару департаменті демонтаж процессіне бақылау жүргізеді»,  - делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада. Көрменің басты нысаны «Нұр Әлем» сферасы болашақ мұражайы ретінде қызметін жалғастырады. Айта кетерлігі, «Астана «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты. 

 

 

Сонымен қатар, ЭКСПО-2017» көрмесі аясында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасында қызмет еткен еріктілердің жұмыс қорытындысына арналған салтанатты шара өтті. «Үш айдың көлемінде елорданың 12 оқу орнынан келген 77 ерікті бізбен бірге қызмет етті. Олар Елбасы кітапханасы экспозицияларын көрсету мен таныстыру арқылы мемлекеттің оңды имиджін дамытуды көздейтін жастар қоғамдастығын құрды. Олар нағыз отансүйгіш азаматтар. Бүгінде сол еріктілерге белсенді жұмыстары үшін Елбасы кітапханасының басшылығы мен ұжымының атынан шексіз алғыс айтамыз. Бұл тәжірибенің келешек жетістіктердің негізі болатынына сенімдімін», - деді Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов.

288 рет қаралды

Пікір жазу