11Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ ҚАЛАЙ ДАМУДА?

Бейсенбі, 14 Қыркүйек 2017 10:36

 

«Индустриализация бағдарламасының басым бағыттарының бірі – Қазақстандағы химия өнеркәсібін дамыту. Бүгінде химия өндірісі көп саланың басын біріктіретін, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай ықпал ететін маңызды салаға айналды. Одан бөлек, отандық химия өнеркəсібі - экономиканың нақты секторының басқа салаларына шикізат пен материалды ең көп жеткізушілердің бірі» деп жазады ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Фейсбуктағы өз парақшасына.  Министр Қазақстандағы химия өнеркәсібіне қатысты шағын инфографиканы ұсынған: 

 

 

Оның мәліметінше,  елімізде 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы химиялық өнім көлемі 103,6% құрады. Мәселен, Ресей, Украина және Қытай елдерінде аммофосқа сұраныс артып, «Казфосфат» АҚ өндіріс көлемі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артты. «АЗХС» АҚ калий бихроматына сұраныстың артуына байланысты өндіріс көлемі 16%-ға, металлургиялық хром тотығы 8%-ға артты. «ҚазАзот» АҚ-да өндіріс көлемі артып, азот қышқылының тауарлық өндірісі 79%-ға жетіп, 105%-ды құрады.

603 рет қаралды

Пікір жазу