20Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 1,2 МЫҢ ШАҚЫРЫМ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Сейсенбі, 24 Қазан 2017 12:05

 

Жалпы ұзақтығы 1,2 мың шақырым болатын Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Бейнеу-Ақтау, Ақтөбе-Атырау, Қапшағай-Талдықорған, Астана-Петропавл және Орал-Каменка жобаларында құрылыс жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«Биыл жалпы ұзақтығы 2,5 мың шақырым болатын Қандыағаш-Махат, Жетібай-Жаңаөзен, Құрты-Бурылбайтал, Талдықорған-Өскемен, Меркі-Буралбайтал, Қалбатау-Майқапшағай, Үшарал-Достық, Бейнеу-Ақжігіт, Таскескен-Бақты, Осиновский асуы, Щучинск-Зеренді сияқты жаңа жобаларды іске асыруға кірістік. Биыл 9 айда іске асырылған жобалар бойынша 177,5 млрд. теңге игеріліп, 75 мың адам жұмылдырылды»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Биыл жыл соңына дейін жалпы ұзақтығы 0,7 мың шақырым болатын Ақтөбе-Қандыағаш, Атырау-Астрахань, Ұзынағаш-Отар, Астананың Оңтүстік-Батыс айналма жолын және Қостанай-Денисовка жобалары бойынша құрылыс жұмыстары шартын бекіту жоспарлануда.

«Биыл жыл соңында 602 шақырым жолдың құрылысын аяқтап, Астана-Павлодар – 232 км, Бейнеу-Ақтау – 230 км, Қордай  а. айналып өту – 40 км, Орал-Каменка – 50 км, Ақтөбе-Атырау – 26 км және Қапшағай-Талдықорған– 24 км автожолдарын ашу жоспарланып отыр»,-деді министр.

Биыл Мемлекеттік бағдарлама аясында ұзақтығы 4,4 мың шақырым болатын, соның ішінде 15 жаңа жоба бар 22 автожол жобасын іске асыру қарастырылған. Жобаларды жүзеге асыруға Республикалық бюджеттен, Ұлттық қордан және халықаралық қаржы институттары бойынша 356 млрд. теңге, соның ішінде Ұлттық қордан 143,5 млрд. теңге қарастырылды.

1358 рет қаралды

Пікір жазу