20Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ БИЗНЕС-КЛИМАТҚА ӘСЕРІ...

Сейсенбі, 24 Қазан 2017 12:12

 

Алматыда ұйымдастырылған «Еуразия апталығы» аясында «Бәсекелестіктің бизнес-климатқа әсері» тақырыбында ЭЫДҰ Еуразиялық бизнес-форумы өтті. Интерактивті пікірсайыс барысында бәсекелестік Еуразия елдеріндегі өнімділік пен экономикалық өсімді ынталандыра ала ма, деген мәселе талқыланды.

«Қазақстан басқа да көптеген елдер сияқты әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға тырысады. Ең алдымен, оның инвестициялық климатын жақсарту және ең қолайлы іскерлік жағдайларды жасау арқылы біз нарықтың бәсекеге қабілеттілігін инвесторлардың келуінің алғышарты деп білеміз», - деді пікірсайысқа қатысқан ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Форумда ЭЫДҰ бәсекелестік комитеті төрағасы, Экономикалық және коммерциялық ғылымдар жоғарғы мектебінің профессоры Фредерик Дженни, Чехияның өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Жири Колиба, Украинаның монополияға қарсы комитетінің төрағасы Юрий Терентьев, Siemens компаниясының бас кеңесшісі және бәсекелестік тобының жетекшісі Волфганг Хекенбергер сөз сөйледі.

Әрине, бәсекелестік бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бұл тұтынушылардың таңдау жасауына және тауар құнын арзандатуға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартуға, іскерлік айналымның сипатына ықпал етуге, инновациялар мен экономикалық өсуді дамытуға, кәсіпорындарды тиімді жұмыс істеуге ынталандыруға мүмкіндік береді.

Еуразиялық апталықты жыл сайын ЭЫДҰ Хатшылығы ұйымдастырады және 13 ел үшін (Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина) өңірлік іс-шара болып табылады. Іс-шарада бәсекеге қабілеттілікті арттыру, жекеменшік секторды дамыту және жан-жақты өсуді қамтамасыз ету үшін ортақ проблемалар және озық әдістер талқыланады. ЭЫДҰ Еуразия апталығына Еуразия және ЭЫДҰ елдерінің жоғары деңгейдегі мемлекет қайраткерлері, халықаралық серіктес ұйымдардың,  ғылыми қауымдастық пен бизнес және қоғам өкілдері бар 32 елден 200-ден астам делегат қатысады.

Еуразия апталығы алғаш рет ЭЫДҰ Хатшылығынан тыс жерде өткізілуде. Бұл ЭЫДҰ мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың нығайғанының дәлелі.

3000 рет қаралды

Пікір жазу