13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ҚАЗГЕОЛОГИЯ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ҒАЛЫМ НҰРЖАНОВ: ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУҒА 4 МЛРД. ТЕҢГЕ ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР САЛЫНАДЫ

Бейсенбі, 23 Қараша 2017 09:42

 

Мыс, алтын, жерде сирек кездесетін элементтер, сирек жер металдары, қорғасын, мырыш, хром сияқты стратегиялық  металдар кен орындарын іздеу және барлауға бағытталған 39 инвестициялық жоба іске асырылуда.

«Rio Tinto» трансұлттық компаниясы 2015-2017 жылдары 2 жоба бойынша  3,3 млрд. теңге инвестиция салды (геологиялық барлауға жалпы бюджеті 7 млрд. теңге).  «Iluka Rersources» ағымдағы жылы Қостанай облысында «Air core» құрғақ бұрғылау технологиясын пайдаланып,  көлемі 9 000 қ.м 300 ұңғыманы бұрғылау жұмыстарын орындады. Іздеу объектілері – шашыраңқы титан-цирконий кен орындары. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында егжей-тегжейлі барлау жұмыстарын жалғастыру үшін 2 перспективалы алаң таңдап алынды. Іске асыру басталғалы бері 700 млн. теңге инвестиция салынды», - деді «Қазгеология» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов.

«Ulmus Fund» неміс қоры Қарағанды облысының Бесшоқы алаңында мыс кендерін барлауға 600 млн. теңге сомасында қаржы жұмсады.
Биылғы жылы Қазақстанда «Полиметалл» және «Ghadir Industry» компаниялары алғашқы геологиялық барлау жұмыстарын бастады. «Полиметалл» АҚ-тың тапсырыс беруі бойынша Қостанай облысының Шекара учаскесінде алаңы 1 200 ш.км аэрогеофизикалық зерттеулер орындалды. Бұл кен орнынан алтын, күміс және мыс кендерінің өнеркәсіптік кеніштерін болады.

2018 жылы «Қазцинк» ЖШС, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС,  «Полиметалл» АҚ  жобаларын қосқанда, 5 млрд. теңге жеке инвестициялар тартып, жобаларға салу жоспарлануда. Геологиялық барлау саласына  50 млн. АҚШ долларынан астам сома инвестиция көлемінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін «YILDIZLAR SSS HOLDING» және «Lidya Madencilik» түрік компанияларымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды.

1510 рет қаралды
Осы категориядағы басқа материалдар: « САЛТАНАТ БАЙҚОШҚАРОВА: ЭКО КВОТАСЫН АРТТЫРУ КЕРЕК

Пікір жазу