28Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

Н. НАЗАРБАЕВ АССАМБЛЕЯНЫҢ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУДІ ТАПСЫРДЫ

Сәрсенбі, 26 Сәуір 2017 14:43

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажет. Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Президентінің атап өтуінше, Ассамблеяның қоғамдық келісім кеңесі бүгінде қоғам мен адамның сұхбат алаңы болып отырғандығын атап өтті. «2016 жылы кеңес 2 мыңнан астам нақты проблеманы шешті. Яғни, Ассамблея қарапайым адамдардың проблемаларын шешуде. Менің тапсырмаммен кеңес жергілікті өзін өзі басқаруды дамытуға да қатысуда. Мұны біздің саяси партиямыз «Нұр Отанмен» бірге жүзеге асыру қажет. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне облыс әкімдіктерімен, Ассамблеяның барлық деңгейдегі қоғамдық келісім кеңестерімен бірлесіп, 2017-2018 жылдарға арналған діни экстремизмге, терроризмге қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Адамдар бәрін біледі, ештеңені жасыру мүмкін емес», - деді Мемлекет басшысы. Елбасы қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын регламенттеу қажеттігін, оның нақты жұмыс критерийі болуы тиістігін де баса айтты. «Сондықтан Ассамблея хатшылығы Үкіметке бізге не істеу қажеттігі жайында сәйкесінше ұсыныстар енгізуі қажет», - деді Н.Назарбаев.

823 рет қаралды

Пікір жазу