"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫС УАҚЫТЫНДА МЕШІТКЕ БАРА АЛА МА?

Сейсенбі, 02 Мамыр 2017 08:48

 

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, мемлекеттік қызметшілерге жұмыс уақытында мешітке баруға тыйым салу бойынша нақты шешім әлі шығарылған жоқ, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жұмыс уақытында мемлекеттік қызметшілер мешітке бара ала ма? Ол сұрақ та өте маңызды. Себебі Конституция бойынша біз әрбір азаматтың құқықтарына құрметпен қарап, сол құқықтары мен бостандықтарын сақтауымыз қажет. Ар-ождан бостандығы да бар бізде. Сондықтан осы мәселеге қатысты салиқалы бір шешім болады деп сенемін. Қазір нақты бір нәрсе айту ерте. Заңнамалық өзгерістер талқыланғанда бұл мәселені қарап, ортақ шешімге келеміз деген ойдамын», - деді Ермекбаев бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслиxатында. Айта кетейік, журналистердің сұрағына жауап берген министр сақал жіберу, қысқа балақ пен қара орамал киіп жүруге шектеу қоюға қатысты өз ойын да білдірді.

 

 

Естеріңізде болса 26 сәуір күні Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясын ашқан  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің дамуына кедергі жасайтын мәселелер төңірегінде ой өрбіткен болатын. ҚР Президенті:  «Біздің дамуымызды қандай нәрсе тежейді? Біріншіден, артқа қарап, алға қарай жүруге болмайды. Олай кез келген тасқа сүрініп, басты жарып алуға болады. Солай емес пе? Бұл дегеніміз, заман талабына сай келмейтін нәрседен бас тарту қажет. Біздің санамызда бар таптаурын түсініктерден де арылу маңызды.  Мәселен, қазір араб елдерін алып қарайықшы, халықты орта ғасырға тартқаннан не пайда? Сол себепті мен жастарға ылғи айтамын, керітартпалық жасамау қажет. Қара орамалды жамылудың қажеті жоқ. Ол - қазаққа жат нәрсе. Осы іспетті атрибуттарды мына жерге әкелмеу керек. Әйтпесе, мемлекеттің дамуына кедергі жасаймыз», - деген болатын.

 

706 рет қаралды

Пікір жазу