24Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АСТАНАДА СИРИЯ КЕЛІССӨЗДЕРІНІҢ ӨТКІЗІЛУІ ТҰРАҚТЫ СИПАТТА ӨРБУДЕ

Сәрсенбі, 03 Мамыр 2017 11:28

 

Елордада Сирия келіссөздерінің өткізілуі тұрақты сипатта белең алып барады. Мұндай пікірді Халықаралық қатынастар жөніндегі еуразиялық кеңестің директоры Жанболат Үсенов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазіргі уақытта Астанада Сирия ахуалына қатысты келіссөздер өтуде. Бұл біздің еліміздің елордасындағы келіссөздердің осымен төртінші кезеңі. Яғни, келіссөздер тұрақты сипатта белең алып, сұхбат алаңына айналуда. Осы жайт Қазақстанның халықаралық «брокер» ретіндегі рөлін айқындай түседі және біздің бұл процеске ықпал етуімізге мүмкіндік береді», - деді Үсенов. Оның пайымынша, Астанадағы келіссөздерге қарулы оппозицияның, сонымен бірге кепілгер елдер өкілдерінің қатысуы нақты бір шешімдердің қабылдануына деген үмітті оятады. Дегенмен бірден қарулы қақтығыстың тыйыла  қоятындығына сенім артуға ерте. Үсенов өз сөзінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануының өзі еліміздің халықаралық «брокер» ретіндегі рөлінің әлемдік қоғамдастық тарабынан мойындалғанын білдіретіндігін және ол сириялық проблемада тиімді жұмыс істеу мүмкіншілігін арттыратындығын баса айтты. Қазақстандық дипломатия дәл қазіргі уақытта бұған дейін бетпе-бет келмеген жұмыстарды атқарып жатқандығын атап өтті. Айта кетейік, бұған дейін 3-4 мамыр күндері Сирия мәселесі бойынша Астанада өтетін келіссөздерге сириялық қарулы оппозицияның қатысатынын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ ҚазАқпарат тілшісіне Сирия ахуалына қатысты пікір білдірген  саясаттанушы Әділ Кәукенов Астана келіссөздерінің кезекті кезеңі атысты тоқтату үшін түсіністік табуға мүмкіндік беретіндігін айтқан еді.

398 рет қаралды

Пікір жазу