24Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

УКРАИНА «РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫМЕН БІРЖОЛА АЖЫРАСТЫ».

Жұма, 12 Мамыр 2017 13:40

 

Украина президенті Петр Порошенко өз елі Еуроодақпен визасыз режимге рұқсат алып, Ресей империясымен біржола ажырасқанын мәлім етті. Бұл туралы ол украиналық «1+1» телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Бүгін Украина Ресей империясымен біржола ажырасты десек болады, бұл оқиғаны философиялық тұрғыда осылай қабылдауымыз керек», - деді Порошенко.

Мемлекет басшысы визасыз режим Украинаны Еуропа елдері арасындағы тарихи орнына оралтты деп есептейді.

Порошенконың пікірінше, саяхаттау мүмкіндігі жағынан Украина паспорты әлемдегі ең тартымды 40 паспорттың қатарына еніп отыр.

«Украина паспортын қазірдің өзінде мақтан тұтамын, себебі бұл өте маңызды қадам. Енді ешкім бізді әлемнің ешбір елімен шатастырмайтын болады. Баршаңызды осы жайтпен құттықмтаймын», - деді ол.

Кеше, 11 мамырда Еуроодақ кеңесі Украина азаматтарына визасыз режим беру туралы қорытынды шешімін шығарды. Еуропарламент пен Кеңестің тиісті құжаттарға қол қоюы 17 мамырға белгіленген. Кейін ол ЕО ресми журналында жарияланып, 20 күннен соң күшіне енеді.

Еуроодақпен визасыз режимді ырықтандыру Киевтің сыртқысаяси басымдықтарының бірі болып табылады.

356 рет қаралды

Пікір жазу