24Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

Қ. ТОҚАЕВ: АЛПАУЫТ ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ ГЕОСАЯСИ ТАРТЫСЫ ӘЛІ ДЕ ӨРШІП ТҰР

Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 15:12

 

Сирия мен Украинадағы жағдай алпауыт державалардың геосаяси талас-тартысы әлі де өршіп тұрғанын көрсетті. Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының XVI отырысында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сирия мен Украинадағы жуырда орын алған жағдай алпауыт державалардың геосаяси талас-тартысы әлі де болса өршіп тұрғанын көрсетіп отыр. Бірлік болмағандықтан халықаралық терроризммен күресу де қиынға соғуда. Ал оның ошақтары жер шарының әр жерінен белең алып келеді. Солтүстік Кореяның ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт режімін бұзуы ядролық апаттың бірінші қатеріне айналды»,- деді Тоқаев. Сенат спикерінің айтуынша, көптеген елдерде әлемдік тәртіпті құлдырату, ксенофобияны өршіту, этностық және діни белгілер бойынша кемсіту қауіпіне ұшырататын популизмге ұмтылу үрдісі шегіне жетіп тұр. «Жер бетіндегі өркениеттің барлық жетістіктерін жоқ қыла алатын жаһандық экономикалық, әлеуметтік және экологиялық проблемалар да Жер шарының қауіпсіз болашағына қатер төндіруде. Қоғамда тіршілік етудің рухани мәні бұзылып, адамгершілік негіздерінің жойылып бара жатуы да аса қауіпті құбылыс. Бұл жаһандық сын қатерлерді барша адамзаттың қоғамдасқан күш-жігерімен ғана еңсеруге болады», деді ол.

371 рет қаралды

Пікір жазу