24Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

EXPO-2017 АСТАНАНЫҢ ӘЛЕУЕТІН ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕГЕ АЙШЫҚТАЙ ТҮСТІ

Дүйсенбі, 12 Маусым 2017 10:53

 

ЕХРО2017 Түркия ШЫҰ «EXPO-2017 Астана қаласының жасампаз қуаты мен қазақ елінің бүгінгі әлеуетін төрткүл дүниеге айшықтай түсті». Халықаралық көрменің ашылу салтанатынан ерекше әсерленген түркиялық EkoAvrasya сараптамалық журналының бас редакторы Хикмет Эрен арнамыздың осы елдегі меншікті тілшісі Ержан Жүніске берген сұхбатында осылай деді.

Оның айтуынша, биыл Астана халықаралық маңызды іс-шаралардың орталығына айналып отыр. Сириядағы дағдарысты реттеуге бағытталған «Астана процесі», елорда төрінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістан мен Пәкістанның қабылдануы мен EXPO-2017 көрмесі осы жылдың ең ірі оқиғалары ретінде тарих қойнауына енеді. Атап өту керек, EkoAvrasya журналы бір санын түгел ЕХРО-ға арнап, Астанадағы дүбірлі шара жайлы оқырмандарына мол мағлұмат ұсынды. Осы жолы басылым көрменің ашылу салтанатындағы көздің жауын алар көрікті суреттерді жарияламақ.

Хикмет Эрен, EkoAvrasya сараптамалық журналының бас редакторы: - Халықаралық көрменің ашылу салтанатын тамашалап, бауырлас елдің жетістігіне сүйініп, қуанышына ортақ болдық. Айтулы шараға 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымның қатысуы Қазақстаның халықаралық аренадағы зор беделін айқындап тұрғандай.

Өткенге көз салсақ, Париждегі Эйфэль мұнарасы да ЕХРО аясында бой көтеріп, бүгінде әлемге әйгілі сәулет туындысына айналғанын көпшілік жақсы біледі. «Болашақтың энергиясы» тақырыбын алған «Астана EXPO-2017» көрмесі де ғылыми-технологиялық үдеріске қосқан үлесі мен сәулетті ғимараттарымен ерекшеленіп, ел есінде қалады деп сенемін.

716 рет қаралды

Пікір жазу