13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЕУРОПА БАНКІ ПРЕЗИДЕНТІ ЭКСПО-НЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

Бейсенбі, 22 Маусым 2017 12:14

 

Қазақстан Президенті Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысы басталар алдында өтті. Келіссөз барысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықтың одан арғы перспективасын және бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады. Мемлекет басшысы бүгінде Банк тарапынан Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларға, шағын және орта бизнес саласына ауқымды инвестиция салынғанын, сондай-ақ экономикалық өзара қарым-қатынасты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. С.Чакрабарти Нұрсұлтан Назарбаевқа жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтты. «Сіздер Астана экономикалық форумын өткіздіңіздер. Бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесі өтуде. Таяуда ЭКСПО көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Бұл іс-шара Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройын айтарлықтай арттырады және елдеріңіздің әлеуетін толық танытады», - деді Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті.

 

 

 

Сонымен қатар, тараптар кеңейтілген әріптестік туралы келісім аясындағы ынтымақтастықтың барысы жөнінде пікір алмасты. Келісім нәтижесінде 2016 жылдың қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 1,1 миллиард АҚШ долларына жетті. Кездесу соңында Энергетика министрі Қ.Бозымбаев Қазақстан Президентін «Болашақтың энергиясы» макеті туралы бейнематериалмен таныстырды. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан ТМД елдер ішінде бірінші болып «жасыл» экономикаға көшудің нақты шараларын қолға алды. 2007 жылы Экологиялық кодекс қабылданса, 2009 жылы баламалы энергетиканы қолдауға арналған заңнама бекітілді. Ал 2013 жылы «жасыл» энергетикаға көшудіңтұжырымдамасы рәсімделді. Қазақстан үшін энергия өндірудің аралас жүйесі жақсарып келеді. Ол дегеніміз, дәстүрлі энергетиканы дамыта отырып, баламалы қуат көздерін хал-қадірінше нығайту. Негізі елімізде баламалы энергияны көптеп өндіруге болады. Мәселен, желден жылына 920 млрд Квт/сағ., судан 62 млрдКвт/сағ., ал күннен 2,5 млрд Квт/сағат энергияны шығаруға мүмкіндік бар», - деп атап көрсетті Президент.

901 рет қаралды

Пікір жазу