"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЭКСПО- ДАҒЫ ҚЫТАЙ ПАВИЛЬОНЫНДА ЫҚПАЛДАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Жұма, 23 Маусым 2017 14:26

 

Бүгін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Қытай Халық Республикасының павильонында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Астана қаласының әкімдігі, «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қоры (АКҚ) және «Zhejiang «Jumore» E-commerce Co. Ltd» компаниясы арасында өзаратүсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

 

Чжэцзян провинциясының күні аясында өткен бұл іс-шараға осы провинцияның вице-губернаторы Лян Лимин, ҚХР Халықаралық сауданы дамытуға ықпал ету жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Чэнь Чжоу, ҚХР-дің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Ханьхуэй қатысты. Қол қойылған құжаттар аясында тараптар «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасы мен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында көрсетілген мақсат-міндеттерді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Үшінші жаңғыруы шеңберінде экономиканың жеделдетілген жаңғыруын жүзеге асыру мақсатында  цифрлық сервистерді енгізу және оған жағымды жағдай жасау үшін ынтымақтасып жұмыс істеуге келісті.

«Jumore» компаниясы тиісті онлайн-платформаны пайдалану арқылы қазақстандық және қытайлық компаниялардың арасындағы ынтымақтастықтың орнауына жағдай жасаумен, электрондық коммерция, логистикалық және қаржы қызметі салаларын дамытумен айналысады, АКҚ қажетті экспертиза мен операциялық бақылау жасайды, Астана қаласының әкімдігі технологиялық кәсіпкерлікпен айналысатын компаниялар мен стартаптарды тартпақ, ал АХҚО өз кезегінде онлайн-платформа базасындағы қаржылық технологиялардың дамуына бағытталатын компаниялар мен стартаптардың жұмысына қажетті қолдау көрсетумен айналысады. 

ЭКСПО-2017 аясында Қытай-Қазақстан арасындағы іскерлік байланыстардың дамуы, тың идеялардың жүзеге асуы үлкен маңызға ие болуда. Аталмыш меморандум жаңа жобаларды іске асыруға жол ашады деп жоспарланып отыр.

631 рет қаралды

Пікір жазу