27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

Н.НАЗАРБАЕВ ЯДРОЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САММИТІН АСТАНАДА ӨТКІЗУДІ ҰСЫНДЫ

Сәрсенбі, 30 Тамыз 2017 06:36

 

Қазақстан ядролық қауіпсіздік саммитін Астанада өткізуге дайын. Бұл туралы бүгін Қазақстан аумағында құрылған Халықаралық төмен байытылған уран банкін ресми ашу салтанатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«АҚШ бастамасымен өткізілген ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттің келешегі де ашық қалып отыр. Мұндай бірнеше форумға жеке өзім де қатысқан едім. Қазақстан ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитті қайта жаңғырту үшін оны елордамыз - Астанада өткізуге дайын», - деді Қазақстан Президенті.

Естеріңізге сала кетсек, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі бірінші саммит 2010 жылдың сәуір айында Вашингтонда өткен болатын. Халықаралық шараға 47 елдің өкілі, оның ішінде 38 мемлекет және үкімет басшысы, сонымен қатар БҰҰ, МАГАТЭ, ЕО сынды халықаралық ұйымдардың басшылары қатысқан еді. Саммитте ядролық қауіпсіздікті күшейту, ядролық терроризм қаупінің алдын алу сынды мәселелер кеңінен талқыға түсті.

174 рет қаралды

Пікір жазу