19Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АСТАНАДАҒЫ ИЫҰ САММИТІ МЬЯНМА МӘСЕЛЕСІН ҚАРАДЫ

Сенбі, 09 Қыркүйек 2017 10:09

 

Ислам ынтымақтастық ұйымының Астанадағы саммитінде Түркия делегациясы Мьянмадағы мұсылмандар проблемасын көтеруді көздейді. Түрік делегациясын осы елдің басшысы Реджеп Тайып Ердоған бастап келді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. "Біз Түркияның Сыртқы істер министрімен кездесіп, біраз мәселелерді талқылап шықтық. Соның ішінде Мьянмадағы мұсылмандардың жағдайына қатысты проблемалар да бар", - деді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов журналистерге берген сұxбатында. Оның айтуынша, Түркияның сыртқы істер министрі Мьянмадан қашып кеткен босқындарға өзі барып, олардың жағдайымен жан-жақты танысып шыққан. "Ол өз әсерімен бөлісті. Түркия елінің өкілдері Астанадағы Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті кезінде Мьянмадағы мұсылмандар мәселесін көтеруді көздейді", - деп атап көрсетті Әбдіраxманов. Айта кетейік, бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының басшысы Реджеп Тайып Ердоғанды қабылдады.  Екіжақты кездесу кезінде Ердоған қазақ жеріне жасаған алғашқы сапарын еске алды.

398 рет қаралды

Пікір жазу