27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫ ЖЕТІЛДІРУДЕ

Сәрсенбі, 13 Қыркүйек 2017 11:32

 

2017 жылдың 11-12 қыркүйегінде Наньнин қаласында (ҚХР) 14-ші «Китай – АСЕАН» ЭКСПО көрмесі өтті. Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен ҚХР Мемлекеттік кеңес Премьерінің орынбасары Чжан Гаолидің басқаруымен Қазақстан-ҚХР 1-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы ұйымдастырылды.

Форум мен көрме аясында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек XinXin, CNCEC, China General Technology, TBEА, China Railway Engineering Group, Beijing Silver Tiger, Sany Group, Qinghai Desheng Soda сияқты бірқатар қытайлық ірі компания басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында инфрақұрылымды дамыту саласы бойынша іске асырылып жатқан жобалардың барысы, технологиялар, теміржол көлігі, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Форум жұмысы кезінде көлік және логистика саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөнінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров сөз сөйледі.

«2016 жылы теміржол көлігімен экспорттық-импорттық тасымал 5,1 млн. тоннаны құрап, 23%-ға артты. Автомобиль көлігімен 550 мың тонна жүк тасымалданды. Биылғы алғашқы жартыжылдықта да оң үрдіс байқалып отыр. Экспорттық-импорттық тасымал теміржол көлігімен 13%-ға, автомобиль көлігімен 46%-ға артты. Заманауи көлік-логистикалық жүйені қалыптастыруда өңірлік ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Сол үшін біз көлік саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударамыз»,-деп атап өтті Ерлан Хаиров.

Анықтама: Соңғы 5 жылда Қытай мен Еуропа арасындағы контейнерлік транзиттік тасымал 28 есеге артып, жылына 100 мың контейнерге көтерілді (2017 жылдың бірінші жартыжылдығында – 73 мың контейнер, 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында  - 36 мың контейнер).

Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын дамыту 2020 жылға қарай контейнерлік тасымалды 2 млн. контейнерге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

111 рет қаралды

Пікір жазу