"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЗАҚСТАН МЕН БЕЛАРУСЬ ТҮРЛІ САЛАЛАР БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

Жексенбі, 24 Қыркүйек 2017 14:32

 

22 қыркүйекте тең төрағалар - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Василий Матюшевскидің қатысуымен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь Үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы өтті.

Үкіметаралық комиссия отырысында сауда, инвестиция, өнеркәсіп кооперациялары, ауыл шаруашылығы, ғылым мен технология, көлік, логистика және басқа да салалар бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

2005 жылдан 2017 жылдың І тоқсанына дейін Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасына келген жалпы тікелей шетелдік инвестиция 826,4 млн. долларды құрады. Ал, Қазақстаннан Беларусь еліне құйылған тікелей инвестиция сәйкес кезеңде 56,3 млн. долларды құрады.

Тараптар 2017 жылдың 7 айы бойынша Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда айналымының өсім динамикасы қанағаттанарлық екенін атап өтті. Статистикалық дерекке сәйкес, 2017 жылдың қаңтар-шілде айларында тауар айналым 75,6%-ға артып, 313,7 млн. АҚШ долларын құрады.

Беларусь еліне Қазақстандық экспорт 2017 жылдың қаңтар-шілде айларында 3 есеге өсіп, 54,7 млн. АҚШ долларын құрады.  (2016 жылдың сәйкес кезеңінде 13,9 млн. АҚШ долл.).

2017 жылдың қаңтар-шілде айларында Беларусиядан Қазақстанға келген импорт 57,3%-ға өсіп, 259 млн. АҚШ долларын құрады (164,7 млн.долл.США).

Тараптар алдағы уақытта да екіжақтың серіктестік қарым-қатынастарды дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Сондай-ақ, өнімді екі жақтың аумағында шығаруды одан әрі дамыту үшін күш біріктіруге және шығарылатын өнім желісін кеңейтуге келісті. 

 

 

Бұдан бөлек, бүгінгі таңда Еуразиялық трансаймақтық дәліздің жаңа жүйесін құру жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен бірге, Қазақстан мен Баларусияның көлік-логистикалық инфрақұрылымын біріктіру үрдісі белсенді жалғасуда.

Алдағы уақытта өзара іс-қимылды тереңдету мақсатында тараптар агроөнеркәсіп кешені саласы бойынша перспективалы бағытты дамыту жөнінде бірлескен жұмыс тобын құру мүмкіндіктерін қарастыруда. Бірлескен жобаны іске асыруда мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, жерді мелиорациялау мен суландыру дамытылмақ.

Сонымен қатар, Беларусь Республикасына рапстың, күнбағыстың тұқымын, астықты жем-шөп   (бидай, арпа, тритикале, сұлы, жүгері) экспортын жеткізу үшін қазақстандық компаниялардың «Белорусская универсальная товарная биржа» ААҚ саудасына қатысу мүмкіндіктері қарастырылуда. Сондай-ақ, Қазақстанға беларустық сүт өнімдерді, сиыр еті мен басқа да тауар түрлерін жеткізу мәселелері қарастырылуда.

Мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық салалар бойынша да өзара қарым-қатынас қарқынды дамуда. Қазақстан-Беларусь ғылыми-техникалық орталығы мен ғылыми-білім беру консорциумы және жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институты арасындағы ынтымақтастық сәтті жұмыс істеуде.

Тараптар келесі Үкіметаралық комиссия отырысын 2018 жылы Беларусияды өткізуге уағдаласты.

182 рет қаралды

Пікір жазу