25Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ГОЛОВКИН СОНДЕРСПЕН ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗБЕЙДІ- БАҚ

Сәрсенбі, 12 Сәуір 2017 07:54

 

Геннадий Головкин WBO әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен жазда жекпе-жек өткізбейді. Бұл туралы Yahoo! Sports сайты өзінің дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Sports.kz.

Мұның орнына қазақстандық боксшының командасы қыркүйекте Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізуге дайындалады.

Головкинің промоутері Том Леффлер мексикалық боксшының тарапымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Әзірге бұған қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Айта кетсек, Головкин мен Сондерстің жекпе-жегі о баста маусым айына жоспарланған болатын. Жекпе-жек «ЭКСПО» көрмесі қарсаңында Астанада өтеді деп хабарланған еді.

714 рет қаралды

Пікір жазу