28Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

БОКСШЫ ЕРЖАН ЖОМАРТ АЗИЯ БІРІНШІЛІГІНДЕ ҚАРСЫЛАСЫН ҰТТЫ

Сейсенбі, 02 Мамыр 2017 08:38

 

Ташкентте өтіп жатқан бокстан Азия біріншілігінде Ержан Жомарт тайпейлік Хон Да Линаны 3:0 есебімен ұтты. Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 49 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығып жүрген Ержан Жомарт чемпионанттың ширек финалына шыққан жеңісі туралы қысқаша айтып берді: «Тайпей спортшысына қарсы жекпе-жек оңайға соқпады. Алайда мен өзіме сенімді болдым, барлық ойларымды сәтті іске асыра алдым». - Бапкерлердің айтқандарын толық орындай алдың ба? - Әрине, жүз пайыз орындалды. - Келесі қарсыласың өзбекстандық Хасанбой Дусматов болады. - Ол рейтингте бірінші болып тұр. Оңайға соқпасы анық, алайда жеңу үшін барымды саламын. Ақылмен іске кірісу керек. Ол да адам, Дусматовтың да әлсіз тұстары болуы тиіс. - Өз салмақ дәрежеңде кім үздік деп ойлайсың? - Осныда Азияның ең мықты боксшылары жиналған. Олар өз елдерінде бірінші орында тұр. Сондықтан Азия біріншілігінде әлсіз қарсылас жоқ десе де болады.

454 рет қаралды

Пікір жазу