11Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЕУРОПА ЛИГАСЫНЫҢ ФИНАЛИСТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Жұма, 12 Мамыр 2017 11:00

 

Англиялық «Манчестер Юнайтед» пен амстердамдық «Аякс» Еуропа Лигасының финалистері атанды, деп хабарлайды Лента.ру. Британиялық команда өз алаңында өткен жартылай финалдық матчта испандық «Сельтамен» ойнап, тең түсті. Манкуниандықтардан голды Маруана Феллайни соқса, қонақтар арасынан Факундо Ронкалья ерекшеленді. Бірінші ойын ағылшындардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.  «Аякс» қарсыластарының алаңында өткен екінші ойында француздық «Лионға» есе жіберді (1:3). Алайда олар бірінші матчта жеңіске жетуінің арқасында (4:1) финалға жолдама алды. Француздық командада Александр Ляказетт екі рет гол салса, үшінші доп Рашид Геззальдің еншісінде.  Амстердамдықтардың арасынан Каспер Дольберг гол соқты. Финал ойыны 24 мамыр күні Стокгольмдегі «Френдс-Аренада» өтеді.

933 рет қаралды

Пікір жазу