11Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШВЕДОВА ГАРРОС ТУРНИРІНІҢ БІРІНШІ АЙНАЛЫМЫНАН АСА АЛМАДЫ

Сейсенбі, 30 Мамыр 2017 13:06

 

Парижде өтіп жатқан Франция ашық чемпионаты - Ролан Гаррос турнирінің бірінші айналымында Қазақстанның екінші, әлемнің 45-інші ракеткасы Ярослава Шведова Украина елінің өкілі, дүниежүзілік рейтингте алтыншы орында тұрған Элина Свитолинамен күш сынасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. www.championat.com алынған мәліметке қарағанда, бұл кездесуде Ролан Гаррос турнирінде бесінші ракетка болып тіркелген Э.Свитолина 6:4, 6:3 есебімен басым түсті. Бұған дейін қарсыластар 2016 жылғы Уимблдон турнирінде  бір рет кездесіп, онда Шведова жеңген болатын. Осылайша қарымта қайтарған украиналық теннисші енді Болгария елінің өкілі Цветана Пиронковамен шеберлік байқасады. Еске сала кетейік, әйелдер арасындағы жекелей сында екінші айналымға шыққан Қазақстанның бірінші, әлемнің 29-ыншы ракеткасы Юлия Путинцева швециялық Юханна Ларссонмен кортқа шығады.  Ал ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші, әлемнің 85-ші ракеткасы Михаил Кукушкин екінші айналымда испаниялық, дүниежүзілік рейтингте 18-ші сатыда тұрған Роберто Баутиста-Агутпен кездеседі.

1117 рет қаралды

Пікір жазу