25Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК БАПКЕРЛЕРІ МЕН ОЙЫНШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Дүйсенбі, 12 Маусым 2017 10:47

 

Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы мамыр айындағы үздік бапкерлер мен ойыншыларды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана футбол федерациясына сілтеме жасап. Еліміздің Кәсіпқой футбол лигасы әдеттегідей өткен айдың үздіктерін анықтады.

Әр лигадағы клубтардың, командалардың бас бапкерлері арасында сауалнама жүргізіліп (дауыс беру арқылы), өткен айдың қорытындысы шығарылды. Айта кетейік, Артем Касьянов ("Жетісу", Бірінші лига) және Бақдәулет Жүзбай ("Қайрат М", Екінші лига) осымен екінші ай қатарынан үздік танылып отыр.

2017 жылғы мамыр айының үздіктері: Премьер-лига: Үздік жаттықтырушы - Сергей Павлов ("Атырау") Үздік ойыншы - Джуниор Кабананга ("Астана")   

Бірінші лига: Үздік жаттықтырушы - Дмитрий Огай ("Жетісу")

Үздік ойыншы - Артем Касьянов ("Жетісу")    Екінші лига: Үздік жаттықтырушы - Сергей Тимофеев ("Алтай")

Үздік ойыншы -Бақдәулет Жүзбай ("Қайрат М")

929 рет қаралды

Пікір жазу