11Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ГРУЗИН САЯХАТШЫСЫ ВЕЛОСИПЕДПЕН ЭКСПО КӨРМЕСІНЕ КЕЛДІ

Бейсенбі, 22 Маусым 2017 12:35

 

Бүгін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Грузия павильонында «Бейбітшілік жолы» велошеруін ұйымдастырушы әрі негізін қалаушы Нодар Беридземен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазан айынан бері ақырындап жүріп келемін. Екі рет виза аламын деп үш айымды жоғалттым. Алтай арқылы кіріп, жолда Өскемен, Павлодар, Екібастұз, Қарағанды қалаларына соғып, бүгін Астанаға жеттім. Мұнан ары Омбыға барып, бүкіл Орталық Ресейден бастап Лиссабонға дейін жүріп өтемін. Келесі жылдың 26 мамырында Грузия Тәуелсіздігінің 100 жылдығы күнінде Тбилисиге жетпекпін. Спорттық велошеру өткізіп, барлық елдерден, әсіресе Қазақстаннан қонақтар шақыратын боламын. Өткен жылы Тбилисиден Алматыға дейін жеткен едім, достарым өте көп», - деді ол.

 

 

Сонымен қатар ол Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылық орнағандығын, Грузияға дос ел екендігіне айрықша атап өтті. «Біз мұны мақтан етеміз. Себебі Грузияда, әсіресе туған қалам Батумиде қазақ инвестициясы өте көп салынған. Мен Қазақстан шекарасына 9 маусымда кірген едім. Енді 5 күннен кейін Ресей барамын. Жолда Көкшетау мен Петропавл қалаларына соғамын. Қазақтардың қонақжайлығына қатты таң қалдым. Әсіресе етті өте жақсы пісіреді екен», - деді Нодар Беридзе. Айта кетейік, 2016 жылдың 17 қазанында Владивостоктан шыққан грузин саяхатшысы Нодар Беридзе Ресейдің Қиыр Шығыс өңірін аралап елордамыз Астанаға  жетіп отыр. Жалпы ол 850 күннің ішінде велосипедпен 50  мың шақырым жол жүріп өтпек. Халықаралық көрмеге осыншалықты қызығушылық таныта келген грузин саяхатшысының бұл сапары өте сәтті өткен көрінеді.

737 рет қаралды

Пікір жазу