13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АСЫҚ АТУ ОЙЫНЫ ЮНЕСКО- ҒА ЕНГІЗІЛМЕК

Бейсенбі, 23 Қараша 2017 09:55

 

Асық ату ойыны ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енетін болды. Сүйінші хабарды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева хабарлады. «2016 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралары жөніндегі комитетінің шешіміне сәйкес, Қазақ күресі және Саятшылық өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезетантивтік тізіміне енген болатын. Бүгінгі таңда Ұлттық спорт түрлерінің ішінде аталған тізімге асық ату ойынын енгізу мәселесі күн тәртібінде тұр. Үстіміздегі жылдың 4-9 желтоқсаны аралығында Оңтүстік Корея Республикасының Чеджу қаласында үкіметаралық материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі комитетінің 12 сессиясы өтеді. Осы сессияда аталған тізімге жаңа элементтерді енгізу мәселесі қаралады», - дейді Раухан Тоғымбаева. Оның айтуынша, Қазақстан тарапынан сессия шеңберінде асық ату ойынын осы тізімге енгізу туралы өтінім дайындалған. 3-6 желтоқсанда сессия аясында Орталық Азия елдерінің материалдық емес мәдени мұраларының таныстырылымына арналған Азия-Тынық мұхит аралығындағы материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі халықаралық желі орталығының көрмесі өтеді. «Сол көрмеде Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұраларына арналған бөлім болмақ. Соның аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің екі өкілі асық ату ойынын материалдық емес мәдени мұралардың қатарына қосу үшін қорғауға барады», - дейді Раухан Тоғымбаева. Айта кетсек, Қазақстанда ұлттық спорт түрлері бойныша 7 мамандандырылған клуб және 9 мамандандырылған спорт мектебі жұмыс істейді.

158 рет қаралды
Осы категориядағы басқа материалдар: « «ЕРТІС» ЕУРОПА ЛИГАСЫНДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

Пікір жазу