22Қаңтар2018

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЕРДОҒАН РЕСЕЙДЕН КЕШІРІМ СҰРАҒАН КӨРІНЕДІ...

Сейсенбі, 28 Маусым 2016 04:58

 

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Түркия басшысы Тайып Ердоған Путинге жолдаған үндеуінде Су-24 ұшқышының қазасы үшін көңіл айтып, екі жақты достық қарым-қатынастарды қайта орнатуға барын салатынын жеткізген, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Өз үндеуінде Түркия мемлекетінің басшысы қайтыс болған ұшқыштың отбасына көңіл айтты және «Кешіріңіз» деді. Сондай-ақ, ол Су-24 пилотының отбасына келген шығын мен ауыртпалығын жеңілдету үшін кез келген бастамаға дайын екендігін жеткізді», - дейді Песков.

Айта кетейік, Сириямен шекаралас жерде ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіргеннен кейін Түркия мен Ресей арасында жанжал туындап, арты өзара экономикалық санкцияларға ұласты. Ресей өз азаматтарына Түркия курорттарында дем алуға тыйым салды. Соның салдарынан түрік экономикасы біраз шығынға батты.

496 рет қаралды

Пікір жазу