"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҮРКИЯДАҒЫ ӘСКЕРИ ТӨҢКЕРІСТЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАР САНЫ АРТУДА

Жексенбі, 17 Шілде 2016 02:48

 

Түркияда әскери төңкеріс жасау әрекеті кезінде қаза тапқандар саны 265-ке жетті. Бұл туралы ел президенті Режеп Тайип Ердоғанның әкімшілігі хабарлады, деп жазады Би-би-си.

Оқиға кезінде 104 бүлікші өлтірілген, қалған құрбандардың бәрі - бейбіт тұрғындар. Оның 20-сы бүлікшілер жағында болған. Жараланғандар саны 1500-дей.

Бүліктен кейін 2389 адам тұтқындалды. Сондай-ақ, әр түрлі дәрежедегі 2745 судья жұмыстан босатылды. Олардың қатарында елдің Жоғарғы сотының судьясы  Альпарслан Альтан да бар.

603 рет қаралды

Пікір жазу