"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҮРКИЯДАҒЫ ӘСКЕРИ ТӨҢКЕРІСКЕ КІНӘЛІЛЕР ЖАЗАЛАНУДА

Жексенбі, 24 Шілде 2016 07:33

 

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым елде болған әскери төңкеріске қатысы бар деген күдікпен 13 мыңнан астам адамды ұстағандарын хабарлады.

Оның айтуынша, ұсталған адамдардың ішінде 1329-ы полиция қызметкерлері, 8 мыңы солдаттар, 2 мың адам сот қызметкерлері, 52 аудан губернаторы мен 689 қарапайым адамдар. Йылдырым сондай-ақ 13 мыңның 5837-сіне ұсталған кезде мемлекеттік төңкеріс жасауға ниеттенді деген айып тағылған.

Еске сала кетейік,  Түркиядағы әскери төңкеріс 16 шілдеге қараған түні орын алды.
Бірнеше күн өткен соң елде төтенше режим енгізілді. Осыған дейін бұл іске қатысы бар деген күдікпен 7,5 мың адам ұсталды деп хабарланған болатын.

615 рет қаралды

Пікір жазу