20Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚЫРҒЫЗДЫҢ ЭКС-ПРЕЗИДЕНТІ Қ.БАҚИЕВТІҢ ЖАЗАСЫ...

Сейсенбі, 02 Тамыз 2016 03:41

 

Қ. Бақиевтің жазасын сот жеңілдетті.

Қырғыз Республикасы Жоғарғы оты Қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі сот алқасының ашық сотында елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бақиевке қатысты қылмыстық істі қарап, оның өмір бойына түрмеде отыру жазасын 30 жылға бас бостандығынан айыру түріне ауыстырды.

ҚР Жоғарғы соты ҚР ҚК 50-бабына сәйкес «Өмір бойынша бас бостандығынан айыру жазасы: әйелдер; он сегіз жасқа дейінгі жаста қылмыс жасаған адамдар, қылмыс жасаған кезде алпыс жасқа жеткен ер адамдарға  кесілмейтінін түсіндірді. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы рақымшылық тәртібінде отыз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріне ауыстырылды».

Қ. Бақиев 1949 жылы 1 тамызда туған. 2010 жылы сәуірде оның жасы 60 жас, 8 ай болғаны атап өтіледі. 2010 жылы сәуір оқиғасы кезінде Бақиев елден қашып кеткен, қазір Беларусьте қуғында.

Бұдан бұрын Бішкек гарнизонының әскери соты бұрынғы президент пен оның туған інісі мемлекеттік күзет қызметін басқарған Жәнібек Бақиевке 2010 жылы сәуірде Бішкектің орталық алаңында митингке қатысушыларды жаппай өлтіруді (77 адам көз жұмып, 300-дан астам адам жарақат алды) ұйымдастырғаны үшін ең ауыр жаза - өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы сырттай үкім шығарды.

436 рет қаралды

Пікір жазу