20Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҮРКИЯ ЕВРООДАҚТАН ТАЛАП ЕТУДЕ

Сәрсенбі, 03 Тамыз 2016 08:40

 

Түркия Еуроодақтан биылғы жылдың қазан айына дейін визасыз жүйені талап етеді. Олай болмаған жағдайда, Анкара босқындарға қатысты келісімді бұзады деп мәлімдеді Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу.

Дипломат түрік билігі Еуроодақтан визаны алып тастайтын уақытты нақты айтуын күтеді дейді. Наурыз айында Түркия мен ЕО миграциялық дағдарыспен күресу жөнінде ортақ жоспар қабылдаған болатын. Оған сәйкес, Түркиядан теңіз арқылы заңсыз келген мигранттар кері қайтарылуы тиіс. Босқындарды ұстап отыру үшін ЕО Түркияға 6 миллиард еуро бөлуге уәде еткен.

Алайда Түркия мемлекеттік төңкеріс әрекетінен кейін Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенцияны уақытша тоқтатты. Түркия президенті Режеп Эрдоған бүлікшілерге өлім жазасын қарастырып жатқанын айтты. Осыдан кейін Еуроодақ Түркияға биылдыққа визасыз режимді алып тастады.

394 рет қаралды

Пікір жазу