20Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҮРІКТЕР БИЛІК ҮШІН ШЕРУ ӨТКІЗДІ

Дүйсенбі, 08 Тамыз 2016 07:27

 

Түркияның Ыстамбұл қаласында президент Режеп Тайып Ердоғанның саясаты мен демократияны қолдағандар бейбіт шеруге шықты. 15-ші шілде күні елде әскери төңкеріс жасамақ болғандарға қарсылық білдіруге 1 миллионнан астам адам жиналған. Ал олардың қауіпсіздігін 15 мың тәртіп сақшысы күзетті. Бейбіт шеруді Демократиялық партия мен Республикалық халық партиясы және Ұлттық қозғалыс партиясы ұйымдастырған. Оған Түркия президенті Ердоғанның өзі де қатысты. Ол әскери төңкерістің ұйымдастырушы ретінде АҚШ-та тұратын уағызшы әрі қоғам қайраткері Фетхулла Гюленді айыптады.

Оған қоса егер өлім жазасы туралы заң парламентте мақұлданатын болса, оны қабылдайтынын мәлімдеді. Режеп Тайып Ердоған, Түркия Президенті: - 15-ші шілдеде болған жағдай жан-жағымыздағы ала көздерге біздің экономикалық, дипломатиялық тұрғыда мықтылығымызды ғана емес, әскери зымияндыққа да қарсы тұра алатындығымызды көрсетті. Тәуелсіз мемлекет, ұлт ретінде болған жағдайды егжей-тегжейлі зерттеп, мұны жасағандармен қоса оның артында тұрған күштердің кім екенін және олардың қандай арам ойлары бар екенін білуіміз керек.

 

 

24.kz

538 рет қаралды

Пікір жазу