20Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ГРУЗИЯ БАЛАМАЛЫ ҚУАТ КӨЗДЕРІНЕ КӨШІП ЖАТЫР

Сәрсенбі, 18 Қаңтар 2017 07:16

 

Үкімет осы энергетиканы насихаттап, оны пайдаланушыларды жан-жақты қолдауға әзір. Сондай-ақ биыл Астанада өтетін ЕХРО-2017 көрмесіне қатысуға дайындық қызу жүріп жатыр. Тбилиси әуежайының маңына жағалай қойылған мына 11 үлкен және 6 кіші күн панельдері оны электр қуатымен қамтамасыз етіп отыр. Оңтүстік Кавказда жалғыз жоба болып саналатын бұл шара Грузияда баламалы қуат көзін насихаттауға бағытталған. Тея Закарадзе, Тбилиси әуежайы басқармасы бас менеджерінің орынбасары: - Біздің әуежай ел аумағында бірінші болып осындай дербес қондырғы орнатқанына мақтанамыз. Инновациялық жоба жапон үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылды. Баламалы энергияны елдегі барлық ірі зауыттар мен фабрикалар қолдануды жоспарлап отыр. Ал келешекте олармен ауыл-аймақтарды қамтамасыз етіледі. Үкімет бұл істе күн батареяларына басымдық беруді жөн көреді. Маргалита Арбидзе, Баламалы энергияны дамыту департаментінің басшысы: - Мүмкін қазір бұл электр қуатын алатын тәсілдің ең қымбаты шығар, бірақ келешекте бұған бәсеке тудыратын дүние табыла қоймас. Өйткені күн энергиясы сарқылмайды, ал Грузияда оған мұқтаждық жоқ. Әрине, оны қолдануды реттейтін тәртіп енгізілуі керек. Бірақ мемлекет Еуроодақпен тығыз байланыс орнатқаннан соң мәселе де шешімін табар деп үміттенеміз. Грузия қазір таза энергияның кеңінен таралуына күш салып жатыр. Оны баламалы қуат көзінен алуды жан-жақты қолдайтын себебі сол. Мысалы, жақында Тбилисиде электромобильдерді қуаттандыратын жаңа станциялар ашылды. Жүргізушілер оны 2017 жылдың соңына дейін тегін қолдана алады. Барлық шығынды қала әкімшілігі мойнына алып отыр. Өйткені, билік бұл бастама экологиялық таза көлікті көптеп пайдалануға жол аша ма деп үміттенеді.  «Жел диірмендерімен күресу емес, ынтымақтасу керек» деген ұранмен тағы бір жоба жүзеге асырылды. 2016 жылы қазанда қуаты 20 мегаватт болатын алғашқы жел электростанциясы салынды. Жоба құны 34 млн доллар тұрады. Құрылысты Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржыландырды. Русудан Симонидзе, «Жасыл аймақ» қозғалысының жетекшісі: - Бұл әзірге тәжірибе жүзіндегі жобалар. Бірақ үкімет қалап, халық қолдаса, біздің елде баламалы энергетиканы дамытуды жақсы жолға қоюға болады. Өйткені Грузия күн, жел энергиясы сияқты баламалы қуат көздеріне бай. Әрине, келешегіміз үшін оларды жан-жақты пайдалануымыз қажет. Грузия елі Астанада өтетін ЕХРО-2017 көрмесіне қатысуға дайындалып жатыр. Энергетика министрлігінің өкілдері Астанаға келіп, көрмедегі өз алаңымен танысып қайтты. Қазір олар халықаралық көрмеде көрсетілетін жобаны тиянақтау үстінде.

1410 рет қаралды

Пікір жазу