20Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ ЕКІ ЕЛДІҢ ӘСКЕРИЛЕРІНЕ БІРДЕЙ ЖАҒДАЙ ЖАСАЙДЫ

Сейсенбі, 14 Ақпан 2017 10:24

 

Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы тараптың қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік меморандумын ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Меморандумға өткен жылы 20 қаңтарда қол қойылды. Құжаттың мақсаты тараптардың міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілеу болып табылады. Сонымен қатар оқу-жаттығу өткізу кезінде қабылдаушы тараптың қолдау көрсетуінің негізгі қағидаттарын айқындайды»,-деді заң жобасын таныстырған ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров. Меморандумның ережелеріне сәйкес, оқу-жаттығу өткізу барысында қабылдаушы тарап жіберуші жақтың бөлімшелеріне техника мен қару-жарақты әкелуде, мемлекет ішінде алып жүруде, жолдарды пайдалануда рұқсат етеді. Сондай-ақ жеке құрамды қамтамасыз етіп отырған сапада жіберуші тараптың бөлімшесін тегін орналастырады. Жанармай, көлік және байланыс құралдары беріледі, медициналық бағытта қызметтер көрсетіледі. «Өз кезегінде жіберуші тараптың бөлімшесі қабылдаушы мемлекеттің заңнамасын және оқу-жаттығуларды өткізудің жоспарында нақтыланған рәсімдерді сақтайды. Жаттығулар Қазақстан мен Түркия қарулы күштері арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің кәсіби деңгейінің жауынгерлік даярлығын арттыруға ықпал ететін болады. Сондай-ақ әскерлердің арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн»,-деді Т. Мұхтаров. Өз кезегінде Сенат депутаты Мұхтар Алтынбаев құжаттың міндеті екі ел қарулы күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығуларын өткізумен байланысты мәселелерді егжей-тегжейлі реттейтінін атап өтті. Талқылаудан соң комитет мүшелері заң жобасын палатаның жалпы отырысына шығару туралы шешім қабылдады.

1243 рет қаралды

Пікір жазу