20Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚЫРҒЫЗСТАН ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ КҮЗДЕ ӨТЕДІ

Сәрсенбі, 15 Ақпан 2017 16:12

 

Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев бүгін, 15 ақпанда, сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі  орталық комиссиясының төрайымы Нұржан Шайлдабекованы қабылдады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады КирТАГ. Кездесу барысында мемлекет басшысын ОСК ағымдағы қызметі мен елдің сайлау жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті. Шайлдабекованың айтуынша, кемшіліктерді жойып, сайлау үдерістерін ұйымдастыру жұмыстарын одан әрі жақсарта түсу үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.   Мемлекет басшысы конституциялық заңға сәйкес осы жылы 19 қарашада өтетін ел президентін сайлау маңыздылығын ерекше атап өтті.

1208 рет қаралды

Пікір жазу