24Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЗАҚСТАН СІМ АЛМАЗБЕК АТАМБАЕВТАН ТҮСІНІК КҮТУДЕ

Дүйсенбі, 20 Ақпан 2017 15:01

 

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың айтқан сөзіне қатысты түсінік берді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  «Біз Қырғызстан Президентінің айтқан сөзіне назар аудардық. Қазіргі уақытта қырғыз тарапынан түсінік беруді күтіп отырмыз», - деді «ҚазАқпарат» сауалына жауап ретінде СІМ баспасөз қызметінен. Еске салсақ, Euronews телеарнасына берген сұхбатында Алмазбек Атамбаев журналистің «Бұл одақ (ЕАЭО-ны айтып отыр - ред.) көп жағдайда Ресейдің мүддесін елеп-ескереді деп санайсыз ба? (...) деген сұрағына былай деп жауап берді: «Біз сауда-саттық жүргізіп, көршілермен жұмыс жасауымыз қажет. Егер біз Еуразиялық экономикалық одаққа кірмесек, бізге шектеу қаупі төнер еді. 2010 жылы Қазақстан бізге 1,5 айға шектеу қойғанда, бізде тіпті адам құрбандары да болды. Иә солай болды, себебі шектеу деген жақсы нәрсе емес. (...)».

1309 рет қаралды

Пікір жазу